«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Жергілікті билік органдарының әлеуметтік несиелік тұрғын үйді жүзеге асыруы» бағыты бойынша қосымша терім басталғанын хабарлайды.
Нысан «Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағын ауданы, 9/18 үй, 5 қабатты 30 пәтерлік тұрғын үйлердің, позиция 7».
Нысананын орналасуы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағын ауданы, 9/18 үй.
Құрылыстың аяқталатын жоспарланған мерзімі: желтоқсан 2019.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метр құны «әрлеу» өңінде: 140 000 теңге.
Пәтерлер саны:3
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 1 пәтер, 45,7 максималды ауданы
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 2 пәтер, 64,8 максималды ауданы
Қатысуға өтінімдерді алу мерзімі: 2020 жылдың 28 тамыздан 2020 жылдың 7 қыркүйекке дейін.
Объектіні бекіткен жағдайда есептеу балл (үміткерлерді іріктеу) күні: 8 қыркүйек 2020ж.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрмаған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернет-ресурсында беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.
Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!