Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нұрлы жер» Тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

Нұрлы жер» Тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

4 желтоқсан 2020

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Аксай қаласы, 10 ы/а,18 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО, Бөрлі ауданының, Ақсай қаласындағы Қарашығанақ-1 ықшамауданындағы 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй салу (37-белгі, сыртқы инженерлік желілерсіз)».

Құрылыстын жоспарланған аяқталу мерзімі: 30 қазан 2020 жыл
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 140 000 теңге «таза» әрлеуде
Жайлылық сыныбы: IV

Пәтер саны: 126
Пәтер түрі: 1, 1-бөлмелі: 36 пәтер, максималды көлемі 35,31 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 54 пәтер, максималды көлемі 55,31 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 3-бөлмелі: 36 пәтер, максималды көлемі 67,87 ш.м.

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 8 қаңтарына дейін.

Ұпайлар есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 11 қаңтар 2021 жыл.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге сомасында жинағы болуы тиіс.

Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурстарындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру