Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нұрлы жер» Тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

Нұрлы жер» Тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

3 қыркүйек 2020

Құрметті салымшылар!


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зашаған кенті, Солидарности көшесі, 33 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО, Орал қаласы, Зачаганск кентіндегі монолитті-қанқа схемасы бойынша 9 қабатты №51 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы».
Құрылыстын жоспарланған аяқталу мерзімі: 15 қыркүйек 2020 жыл
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 140 000 теңге «таза» әрлеуде
Жайлылық сыныбы: 3
Пәтер саны: 180
Пәтер түрі: 1, 1-бөлмелі: 54 пәтер, максималды көлемі 39,82 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 81 пәтер, максималды көлемі 63,29 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 3-бөлмелі: 45 пәтер, максималды көлемі 80,83 ш.м.

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 15 қыркүйектен бастап 2020 жылдың 14 қазанға дейін.
Объект келісілген жағдайда ұпайлар есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 15 қазан 2020 жыл.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.
"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының мемлекеттік баєдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 1 000 000 (бір миллион) теңге сомасында жинағы болуы тиіс.
Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурстарындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру