Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз (конкурссыз) пәтерлерді сату туралы хабарлама!

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз (конкурссыз) пәтерлерді сату туралы хабарлама!

2 маусым 2022

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ (әрі қарай - Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз пәтерлерді сату туралы хабарлайды.

Нысан: Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Аксай қаласы, 10 ы/а,18 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО, Бөрлі ауданының, Ақсай қаласындағы Қарашығанақ-1 ықшамауданындағы 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй салу (37-белгі, сыртқы инженерлік желілерсіз)».

Объект коды: 1629

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 15.02.2021 ж.

1 ш/метрінің бағасы таза әрлеуде: 140 000 теңге.

Пәтер саны: 1 (бір).

1-бөлмелі пәтер түрі: 1 пәтер, ең жоғарғы аудан 35,31 шаршы метр.

Пулсыз пәтерлерді сату «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: «07» маусым 2022 ж. сағ. 10:00-нан сағ. 19:00-ге дейін. (Нұр-сұлтан қ. уақытымен).

Брондау мерзімі 2022 ж. «07-ші» маусымында сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен).                                                                  

Брондауға өтініш қабылдаудың шарты, депозитте жинақ сомасы кем дегенде 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде болуы тиіс.

Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондаған уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініштер Банктің салымшыларынан, ЖАО кезекте тұрмағандардан, ЖАО кезегінде тұрғандардан да, соның ішінде «Бақытты отбасы» бағытында, келесі санаттар бойынша қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.

 Өтініштер Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында қабылданады.

Тікелей сатылымға ұсынылған өтінімдерді тарату шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптарды, құрылыс нысанының сипаттамасы, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттері мен тұрғын үйдің орналасуын қарау, Банктің интернет-ресурсында Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.

 

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру