Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері азаматтарды қабылдай бастады

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері азаматтарды қабылдай бастады

9 сәуір 2015

Енді қазақстандықтар тұрғын үй мәселесін шұғыл түрде шешуге мүмкіндік алды. «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауына келіп, мамандардан кеңес сұрауына болады. Кім мемлекеттен әлеуметтік пәтер алады? Баспананы төменгі пайызбен кредитке қалай сатып алуға болады? Арзан тұрғын үй сатып алу үшін жинақ ақшаны қалай сақтаған жөн? Осы секілді жиі қойылатын сұрақтарға ҚТҚЖБ өкілдері тікелей жауап бермек. 

Сонымен қатар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметкерлері  «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын қолдай отырып, халықтың қалың жігін әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Банк қосымша қандай іс-шара жасап жатқандығын баяндап беруге әзір. 

Бүгінгі таңда тұрғын үй және қолжетімді пәтер сатып алу мәселесі ең өткір мәселелердің бірі. Сондықтан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметкерлері және «Нұр Отан» партиясының мүшелері бірлесе отырып, қоғамдық қабылдауда тұрғындарға кеңес беруде. Азаматтардың мәселесін осылайша тезірек шешуге болады. 

Қазір халықты «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған бағдарлама Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі кешенді бағдарламасының бөлігіне айналды) шеңберінде салынған нысандардың уақтылы берілу мәселесі мен пайдалануға берілетін «әлеуметтік» шаршы метрлердің саны толғандыруда. ҚТҚЖБ-ның хабарлауынша, 2015 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған барлық үйлердің құрылысы толық аяқталып, оларға жаңа пәтер иелері қоныстанбақ.  Биыл Банк бағытымен тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асыруға Ұлттық қордан 30 миллиард теңге бөлінді. Жергілікті атқарушы органдармен жасалған келісімдерге сүйенсек, «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» және «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» атты екі бағыт бойынша 590 мың шаршы метр пайдалануға берілмек.  

«Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері азаматтарды график бойынша айына бір рет қабылдайды. Қазақстанның барлық облыстарында, сондай-ақ, Астана және Алматы қалаларында да тұрақты түрде кеңес өткізетін болады. 

«Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өкілдерінің азаматтарды қабылдау уақыты:

Астана – әр айдың екінші бейсенбісі, сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін

Алматы – әр айдың бірінші сәрсенбісі, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

Ақмола облысы – әр айдың үшінші дүйсенбісі, сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін

Ақтөбе облысы – әр айдың үшінші сейсенбісі, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

Алматы облысы – әр айдың бірінші дүйсенбісі, сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін

Атырау облысы – әр айдың 15 күні, сағат 15.00-ден 12.00-ге дейін

Шығыс Қазақстан облысы  (Өскемен) – әр айдың бірінші және үшінші дүйсенбісі, сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін

Шығыс Қазақстан облысы (Семей) – әр айдың екінші бейсенбісі, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

Жамбыл облысы – әр айдың бірінші бейсенбісі, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

Батыс Қазақстан облысы (Орал) – апта сайын сәрсенбіде, сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін

Қарағанды облысы – әр айдың бірінші бейсенбісі, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

Қостанай облысы – әр айдың бірінші сәрсенбісі, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

Қызылорда облысы – әрбір бірінші сейсенбі, сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін

Маңғыстау облысы – әр айдың 20 күні, сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін

Павлодар облысы – әрбір бірінші бейсенбіде, сағат 9.30-дан 12.30-ға және 14.30-дан 17.30-ға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы – әрбір бірінші сейсенбіде, сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін

Оңтүстік Қазақстан облысы – әр айдың екінші сәрсенбісі, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру