Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы | «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Нысан: «24-пәтерлі төрт қабатты тұрғын үй құрылысы», Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосында орналасқан, объект коды -321, пәтер саны 240.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

29 маусым 2017
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: «24-пәтерлі төрт қабатты тұрғын үй құрылысы», Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосында орналасқан, объект коды -321, пәтер саны 240.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың маусым айы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : «таза» әрлеумен 100 000 теңге.
Жайлылық класы: III.
Пәтер саны: 205
1-бөлмелі пәтер түрі: 62 пәтер, максималды көлемі – 46,4 ш.м.
2-бөлмелі пәтер түрі: 69 пәтер, максималды көлемі – 64,3 ш.м.
3-бөлмелі пәтер түрі: 74 пәтер, максималды көлемі – 64,9 ш.м.
Өңірлерді дамыту бағдарламасына/«Нұрлы жол» бағдарламасына/ Өңірлік жобаға/ЕДБ жобасына қатысу үшін өтініш қабылдау мерзімі: 30.06.2017 ж. бастап 30.07.2017 ж. дейін.
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 31.07.2017 ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігі): : 07 тамыз 2017 ж. бастап 18 тамыз 2017 ж. дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 07 тамыз 2017 ж. бастап 23 тамыз 2017 ж. дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 24 тамыз 2017 ж.
Қосымша келісімдерге қол қою мерзімі: 07 қыркүйек 2017 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.


Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру