Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Қызылорда қаласында «Кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үй» жобасына қатысу туралы өтініштерді кабылдаудың басталғандығы туралы

Қызылорда қаласында «Кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үй» жобасына қатысу туралы өтініштерді кабылдаудың басталғандығы туралы

6 Февраля 2019
Құрметті салымшылар!
АО «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» «Кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үй» жобасына қатысу туралы өтініштерді қабылдайтындығын хабарлайды.
Нысан: «Сол жақ жағалау №6 үй (Орда)», орналасқан мекенжайы: Қызылорда қаласы, Сол жақ жағалау ш.а., 6 үй.
Құрылыстың аяқталуының жоспарланған мерзімі: 01.12.2018 жыл.
1 ш.м тұрғын үйдің құны: 120 000 теңге «таза» әрлеуде.
Жайлылық класы: 3
Банк желісі бойынша пәтерлер саны: 16, оның ішінде
Пәтер типі 1: 2-бөлм. : 8 пәтер, ең үлкен ауданы 60,10 кв.м
Пәтер типі 2: 3-бөлм. : 8 пәтер, ең үлкен ауданы 65,00 кв.м
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 04.02.2019 бастап 18.02.2019ж. дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда) : 19.02.2019
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 20.02.2019ж. бастап 06.03.2019 ж. дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 20.02.2019 ж. бастап 13.03.2019ж. дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 14.03.2019
Қатысушы-жалға алушы мәртебесін тағайындау туралы келісімге қол қою мерзімі:
Қосымша ақпарат :Банк ішкі құжаттардың талаптарына сәйкес жалға алушы үміткерлерлерді іріктеу бойынша іс-шараларды өткізеді. Жалға алушы үміткерлер келесі талаптарға сай болуы керек: 1. 1-топ - жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар (көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, жетім балалар және асыраушысынан айырылған балалар, 1,2-топ мүгедектері, оралмандар, мемелекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері); 2. 2-топ - ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 35-ке толмаған, 2 жылдан кем емес некеде тұрған, баласы (балалары) бар отбасылар, сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасылар. 3. Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі; 4. Тұру мерзіміне қарамастан, қатысушы тұрғын үй алуға үміттенген елді мекенде тұрақты тіркеуде болуы; 5. өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының өзге де мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында (ортақ бірлескен меншігі, осы тармақшада көрсетілген тұрғын үй бірлігі ретінде өзге отбасы мүшелерімен ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесі): - әрбір отбасы мүшесіне пайдалы алаңы 15 (он бес) шаршы метрден кем болатын жатақханадағы бөлменің болуы; - осы тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы- қамысты тұрғын үйлерді қоспағанда, жеке меншік үйінің немесе сатып алу мүмкіндігі бар жалға алынған тұрғын үйінің жоқтығы.
Өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкингте» беруге болады. Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініштер Банктің салымшыларынан ғана қабылданады
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ танысуға, соның ішінде ғимараттың қасбеттерін және пәтерлердің жобасын көруге болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Құжаттар Қызылорда қаласы, Байтұрсынов көшесі, 122 мекенжайындағы Банк филиалында қабылданады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, келесі нөмір бойынша Банктің байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (мобильді
телефоннан тегін).
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!