Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Қызылорда қ. «Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау арқылы жобаны жүзеге асыруға дауыс беру туралы, код 277

Қызылорда қ. «Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау арқылы жобаны жүзеге асыруға дауыс беру туралы, код 277

9 Ноября 2016

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  (әрі қарай-Банк)  «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша  «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін  өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы  хабарлайды.

Нысан: 130 пәтерлі тұрғын үй, Қызылорда қаласы, СПМК – 70 тұрғын ауданы, №3, №4 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың  жоспарлы  аяқталу мерзімі: 2016 жылдың қараша айы

«Таза» әрлеудегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : 148 157 теңге

Жайлылық класы: III

Пәтер саны: 130

2-бөлмелі пәтер түрі: 40 пәтер, максималды көлемі – 58,85 ш.м.,

3-бөлмелі пәтер түрі: 90 пәтер, максималды көлемі – 74,57 ш.м.

Бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2016 жылдың 10 қарашасынан бастап 11 желтоқсанына дейін (қоса алғанда).

Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 12 желтоқсан 2016 жыл

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш  беру  күні  және  уақыты  өтініш берушінің  иеленген баллдары мен  кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады.  Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің  саны  Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе,  берілген өтініштердің автоматты түрде  күші жойылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге  болады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Ваш город ?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін