Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

6 августа 2018
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының Бағдарламасының «Тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы несиелік үйлердің құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: «Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданында орналасқан 9-қабатты үйдің құрылысы, 46 позиция (сыртқы инженерлік желілерсіз), нысан коды 1098.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 31.07.2018 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 84,
Пәтер түрі 1, 1-¬бөлмелі: 39 пәтер, ең жоғарғы ауданы 33,95 ш.м.
Пәтер түрі 2, 2-¬бөлмелі: 26 пәтер, ең жоғарғы ауданы 55,43 ш.м.
Пәтер түрі 3, 2-¬бөлмелі: 17 пәтер, ең жоғарғы ауданы 69,70 ш.м.
Пәтер түрі 4, 3¬-бөлмелі: 2 пәтер, ең жоғарғы ауданы 70,25 ш.м.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының Бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2018 жылғы 08 тамыздан бастап 06 қыркүйекке дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 07.09.2018 ж.
Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет ресурсында беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, бөлу тәртібімен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «Қолжетімді баспана» бөлімінде және/немесе www.baspana.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысуға болады.
Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру