Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

17 августа 2018
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының Бағдарламасының «Тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы несиелік үйлердің құрылысы» бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: «Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Заречный ауылы, «Солтүстік» шағын ауданы, үй № 5, № 5/1» мекенжайында орналасқан екі 48-пәтерлі № 5, № 6 тұрғын үйлер, нысан коды 279.
Құрылыстың аяқталған мерзімі: 2017 жылы 27 қаңтар.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 128 445 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 31
Пәтер түрі 1, 1-бөлмелі: 25 пәтер, ең жоғарғы ауданы –41,5 ш. м.
Пәтер түрі 2, 2-бөлмелі: 6 пәтер, ең жоғарғы ауданы –56,5 ш. м.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының Бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2018 жылғы 18 тамыздан бастап 17 қыркүйекке дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 18.09.2018 ж.
Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет ресурсында беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, бөлу тәртібімен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «Қолжетімді баспана» бөлімінде және/немесе www.baspana.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысуға болады.
Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру