Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

3 тамыз 2018
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының Бағдарламасының «Тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы несиелік үйлердің құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: «Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданы» мекенжайында орналасқан 9 қабатты үйдің құрылысы, 41 позиция (сыртқы инженерлік желілерсіз), нысан коды 1093.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 31.07.2018 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны: 86,
Пәтер түрі 1, 1-¬бөлмелі: 46 пәтер, ең жоғарғы ауданы 33,95 ш.м.
Пәтер түрі 2, 2-¬бөлмелі: 19 пәтер, ең жоғарғы ауданы 55,43 ш.м.
Пәтер түрі 3, 2-¬бөлмелі: 18 пәтер, ең жоғарғы ауданы 69,70 ш.м.
Пәтер түрі 4, 3¬-бөлмелі: 3 пәтер, ең жоғарғы ауданы 70,25 ш.м.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының Бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2018 жылғы 04 тамыздан бастап 03 қыркүйекке дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 04.09.2018 ж.
Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет ресурсында беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, бөлу тәртібімен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «Қолжетімді баспана» бөлімінде және/немесе www.baspana.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысуға болады.
Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру