Қостанай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы | Нысан: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданы, Уральский көшесі мекенжайында орналасқан тұрғын үйлер (екі блок), нысан коды 260.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

Қостанай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

9 қараша 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.

Нысан: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданы, Уральский көшесі мекенжайында орналасқан тұрғын үйлер (екі блок), нысан коды 260.
Құрылыстың аяқталған мерзімі: 09 қыркүйек 2017 ж.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 148 678 теңге.
Жайлылық сыныбы: III
Пәтер саны: 11, соның ішінде:
Пәтер түрі 2А: екі бөлмелі, ең үлкен ауданы – 57,22 ш. м.

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 13 қараша 2017 ж. бастап 27 қараша 2017 ж. дейін.
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 28.11.2017 ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігі): 04 желтоқсан 2017 ж. бастап 15 желтоқсан 2017 ж. дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 04 желтоқсан 2017 ж. бастап 27 желтоқсан 2017 ж. дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 28 желтоқсан 2017 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру