Қостанай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы

Қостанай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша іріктеудің басталғаны туралы

20 ноября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Заречный ауылының «Солтүстік» шағын ауданындағы МБ бойынша № 5, № 6 екі 48-пәтерлі тұрғын үйлер», нысан коды 279, орналасқан мекенжайы: Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Заречный ауылы, «Солтүстік» шағын ауданы, № 5, № 6 үй.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 128 445 теңге.
Пәтер саны: 60, соның ішінде:
Пәтер түрі 1А: бір бөлмелі, 33 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 41,5 ш.м.
Пәтер түрі 2А: екі бөлмелі, 27 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 56,5 ш.м.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 22 қараша 2017 жылдан бастап 06 желтоқсан 2017 жылға дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2017 жылғы 22 қарашадан бастап 20 желтоқсанға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 21.12.2017 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеуден өту үшін өтініш берушілердің тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.





Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру