Қостанай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы | «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Нысан: «Аэропорт шағын ауданындағы 9-қабатты төрт тұрғын үйлердің құрылысы», орналасқан мекенжайы: Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданы.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

Қостанай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

27 шілде 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: «Аэропорт шағын ауданындағы 9-қабатты төрт тұрғын үйлердің құрылысы», орналасқан мекенжайы: Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданы.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 25.01.2017 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 154 280,95 теңге.

Жайлылық сыныбы: 4
Пәтер саны: 19, соның ішінде:
Пәтер түрі 1А, бір бөлмелі: 10 пәтер, ең жоғарғы ауданы 32,5 ш.м.
Пәтер түрі 3А, үш бөлмелі: 9 пәтер, ең жоғарғы ауданы 79,0 ш.м.
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2017 жылдың 31 шілдеден бастап 14 тамызға дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 15 тамыз 2017 жыл.
Квалификация мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 2017 жылғы 21 тамыздан бастап 04 қыркүйекке дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2017 жылғы 10 мамырдан бастап 24 шілдеге дейін.
Тұрғын үйді үлестіру мерзімі: 25.05.2017 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру