Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Қостанай қаласында «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

Қостанай қаласында «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

25 Мая 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, № 40 үй, Б секциясы» мекенжайы бойынша орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы, нысан коды 1105.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.11.2018 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 159 500 теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 35,
Пәтер түрі 1, 1-¬бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 34,28 ш.м.
Пәтер түрі 2, 2-¬бөлмелі: 10 пәтер, ең жоғарғы ауданы 52,65 ш.м.
Пәтер түрі 3, 2-¬бөлмелі: 5 пәтер, ең жоғарғы ауданы 64,43 ш.м.
Пәтер түрі 4, 3¬-бөлмелі: 5 пәтер, ең жоғарғы ауданы 65,53 ш.м.
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 25.05.2018 ж. бастап 24.06.2018 ж. дейін (қоса алғанда).
Балдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 25.06.2018 ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz, baspana.kz интернет-ресурсында «Жеке кабинет/Интернет-банк» арқылы беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген балдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.
Алдын-ала тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасынан кемінде 30% болған жағдайда ғана мүмкін.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) нөмері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!