Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Атлант Инжиниринг» ЖШС-нің тұрғын үйлерін сатуға ешқандай қатысы жоқ.
ҚТҚЖБ аталған құрылыс компаниясымен серіктес емес және тұрғын үйлерді сату бойынша бірге жұмыс жасамайды. Өз кезегінде «Атлант Инжиниринг» ЖШС тұрғын үй нысандарын таныстырған кезде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің атын жамылып, азаматтарды қасақана алдаумен айналысып келеді.
Бір айта кететіні, «Атлант Инжиниринг» ЖШС екі жыл бұрын серіктестік туралы шарт жасау ниетімен Банкке өтініш жасаған болатын. Бірақ Банк аталған компанияның ұсынысынан бас тартты, себебі келісімге немесе басқа құжаттарға қол қоймас бұрын Банк бірінші кезекте компаниялардың іскерлік беделіне үлкен көңіл бөледі. «Атлант Инжиниринг» сол кездің өзінде сенімсіз құрылыс компаниялары тізімінде тұрған болатын.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!