Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қарағанды қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

Қарағанды қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

24 ноября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Кредиттік тұрғын үй», коды 377, орналасқан мекенжайы: Қарағанды қаласы, «Панель центр» шағын ауданы, №2 үй.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: қараша 2017 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: ІІІ
Пәтер саны: 5
Пәтер түрі 1 Б: 5 пәтер, ең үлкен ауданы- 47,83 ш.м.
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 27.11.2017 ж. бастап 10.12.2017 ж. дейін
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 11.12.2017 ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігі): 14.12.2017 ж. бастап 22.12.2017 ж. дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 14.12.2017 ж. бастап 27.12.2017 ж. дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 28.12.2017 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.


Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру