Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қарағанды қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау туралы

Қарағанды қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау туралы

2 шілде 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау туралы хабарлайды.

Нысан: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Коммунистическая көшесі, 19/5 жер телімі мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй.
Тапсырыс берушінің/Құрылыс салушының атауы: «PARKHOUSE» ЖШС.
Құрылыстың болжамды аяқталу мерзімі: 2019 жылдың тамыз айы.
Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады:
Ішкі әрлеу - таза әрлеудің алдындағы деңгейде.
Қалқалар қалыңдығы 200 және 100 мм – газобетондық γ = 600 кг/м3 блоктардан цементті-топырақты М50 ерітіндісінде;
Төбелері – бетонды жабу плиталары;
Қабырғалары – сылақ.
Едендері – бетонды төсегіштер.
Тұрғын үйдің 1 шаршы м. құны: 195 000 теңге
Жайлылық сыныбы: IV.
Пәтер саны: 27, соның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлм.: 14 пәтер;
Пәтер түрі 2-бөлм.: 13 пәтер.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 03.07.2019 ж. бастап 17.07.2019 ж. дейінгі күнді қоса алғанда.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 18.07.2019 ж.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 24.07.2019 ж. бастап 05.08.2019 ж. дейінгі күнді қоса алғанда.
Іріктеу орны: Қарағанды қ.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 20%-ы көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда мүмкін болады.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің [Іріктелген үміткерлер] қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.
Пулға қатысуға өтініш тек қана Банк салымшыларынан Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беріледі. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Тұрғын үйді бөлу тәртібімен, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалау) қажет құжаттар тізімімен, сонымен қатар ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz және/немесе baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру