Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Қарағанды қаласында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына (2 топ)» өтініштерді қабылдау туралы

Қарағанды қаласында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына (2 топ)» өтініштерді қабылдау туралы

2 октября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына» (2 топ) өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.

Нысан: «189», Қарағанды қаласы, «Панель центр» шағын ауданы, №1 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі:қыркүйек 2017 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 100 000 теңге.
Жайлылық класы: ІІІ
Пәтер саны: 173
Пәтер түрі І : 60 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 36,01 ш.м.;
Пәтер түрі ІІ : 17 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 47,83 ш.м.;
Пәтер түрі ІІІ : 24 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 61,43 ш.м.;
Пәтер түрі ІV : 72 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 70,83 ш.м.;

Жобаға өтініш қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 05.10 бастап 31.10 дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) (Нысанды келіскен жағдайда): 01.11.2017 ж.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 08.11.2017 ж. бастап 07.12.2017 ж. дейін

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде көруге болады.
Үйлестіру ережелері Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.

Төлем қабілеттігін тексертіге арналған құжаттардың тізімімен Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген. Құжаттар Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 54 үй мекенжайында орналасқан Банктің филиалында қабылданады. Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз (ұялы телефоннан байланыс тегін).
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру