Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 24 қарашасына дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімінің ұзартылатындығы туралы хабарлайды. Пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан Ақмола облысы, Щучинск қаласы Магнитная және Школьная көшелерінде орналасқан, 75 пәтерлі тұрғын үй (барлығы 38 пәтер). Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 90 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылғы қазан айы. Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады. Банктің барлық филиалдарында, сондай-ақ Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің Көкшетау қаласы, 8 март көшесі, 51 үй мекен-жайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!