Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылғы 4 наурыздан бастап 2015 жылғы 4 мамырға дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдайтынын хабарлайды. Пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бағдарламасының «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бағдарламасы шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан (мекен-жайы) Көкшетау қ. Васильковский ш/а, көп пәтерлі тұрғын үй/кешені бес қабатты 30 пәтерлі тұрғын үйде (барлығы 15 пәтер). Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 90 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: сәуір 2015 жыл.
Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады.
Банктің барлық филиалдарында, сондай-ақ Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады. Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің Көкшетау қ. 8 март к. 51 үй мекен-жайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!