Ақтөбе қаласында іріктеу процедурасының басталғандығы туралы | Нысан: «Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Кобозев көшесі, №12 үй (объект коды 444)» мекенжайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үй.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ақтөбе қаласында іріктеу процедурасының басталғандығы туралы

Ақтөбе қаласында іріктеу процедурасының басталғандығы туралы

24 қазан 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.

Нысан: «Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Кобозев көшесі, №12 үй (объект коды 444)» мекенжайында орналасқан 5 қабатты тұрғын үй.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 145 000 теңге.

Пәтер саны: 55, соның ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 11 пәтер, ең жоғарғы аудан 41,80 шаршы метр,
2-бөлмелі пәтер түрі: 20 пәтер, ең жоғарғы аудан 59,30 шаршы метр,
2-бөлмелі пәтер түрі: 4 пәтер, ең жоғарғы аудан 65,10 шаршы метр
3-бөлмелі пәтер түрі: 20 пәтер, ең жоғарғы аудан 82,7 шаршы метр

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 30.10.2017 жылдан бастап 17.11.2017 жылға дейін

Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 30.10..2017 жылдан бастап 26.11.2017 жылға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 27.11.2017 жылға дейін

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеуден өту үшін өтініш берушілердің тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру