Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ақтөбе қаласында қосымша конкурс басталатындығы туралы

Ақтөбе қаласында қосымша конкурс басталатындығы туралы

21 июня 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша қосымша конкурс жариялайды.
Нысан: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, "Нұр-Ақтөбе" шағын ауданындағы №23,24,25 үйлер (объект коды 153).
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 01.06.2015 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы «таза» әрлеуде : 100 000,00 теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 1, оның ішінде:
2-бөлмелі пәтер түрі: 1 пәтер- 9 қабат, ең жоғарғы аудан 79,7 шаршы метр
Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 26.06.2017ж. - 30.06.2017ж.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 01.07.2017ж.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 10.07.2017ж. - 14.07.2017ж.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 10.07.2017ж. - 20.07.2017ж.
Тұрғын үйді бөлу күні: 21.07.2017ж.
Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Интернет-банк» бөлімінде беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.




Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру