Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталатыны туралы

Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталатыны туралы

14 Августа 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Ақтөбе қ., «Нұр-Ақтөбе» т.а, №1 ш/а, 48 үй мекенжайындағы 3 қабатты тұрғын үй

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2019 ж. қараша
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде
1-бөлмелі пәтер, стоимость 1 кв.м. 120 000 теңге,
2-бөлмелі пәтер, стоимость 1 кв.м. 135 000 теңге,
3-бөлмелі пәтер, стоимость 1 кв.м. 130 000 теңге

Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 69, оның ішінде:

1-бөлмелі пәтер түрі: 6 пәтер, ең жоғарғы аудан 31,6 шаршы метр
1-бөлмелі пәтер түрі: 6 пәтер, ең жоғарғы аудан 43,3 шаршы метр
2-бөлмелі пәтер түрі: 18 пәтер, ең жоғарғы аудан 44,5 шаршы метр
2-бөлмелі пәтер түрі: 30 пәтер, ең жоғарғы аудан 56 шаршы метр
3-бөлмелі пәтер түрі: 9 пәтер, ең жоғарғы аудан 72,7 шаршы метр

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 16.08.2019ж. – 12.09.2019ж. (қоса алғанда)
Ұпайлар есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 13.09.2019ж.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернет-ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.

Тұрғын үйдің кемінде 50% ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.

Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен, ЖАО кезекте тұрған азаматтар саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.

Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 300 000 теңге белгіленген сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.

Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының 20%-ынан кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет - ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе baspana.kz интернет - ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Қосымша сұрақтар туған жағдайда, Банктің Колл-орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.



Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін