Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Іріктеудің басталуы туралы хабарландыру

Іріктеудің басталуы туралы хабарландыру

6 февраля 2023

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) үміткерлердің негізгі тізімінен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша үміткерлердің біліктілігін (несие қабілеттілігін бағалау) қажеттілігі туралы хабарлайды.

Нысан: «Достық» шағын ауданында 9 қабатты 4 кіреберісті белгі № 17 тұрғын үй», Қазақстан, Павлодар қаласы, «Достық» шағын ауданы мекенжайы бойынша ораналасқан.

Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 160 000 теңге.

Пәтерлер саны: 144 пәтер.
Пәтер түрі 1: 36 пәтер, максималды көлемі 38,86 ш.м.
Пәтер түрі 2: 36 пәтер, максималды көлемі 62,77 ш.м.
Пәтер түрі 3: 36 пәтер, максималды көлемі 80,27 ш.м.
Пәтер түрі 2: 32 пәтер, максималды көлемі 81,20 ш.м.
Пәтер түрі 2: 4 пәтер, максималды көлемі 63,12 ш.м.

Іріктеу (кредит төлеу қабілетін бағалау) мерзімі: 2023 жылғы 08 ақпаннан бастап 09 наурызға дейін.

Тұрғын үй таңдау кезеңі 2023 жылғы 09 наурыздан бастап 15 наурызға дейін.

Тұрғын үйлерді бөлу күні: 16 наурыз 2023 ж.

Сіз тұрғын үйді бөлу тәртібімен, іріктеуге (төлемқабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізбесімен, сонымен қатар, ғимараттың қасбеттерінің суреттерімен және пәтерлердің / жеке тұрғын үйлердің жайғасымын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсынан және / немесе Otbasybank.kz. сайтынан танысып, көре аласыз.

Іріктеу мерзімі аяқталғаннан кейін, Банк іріктеуге арналған құжаттарды қабылдамайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру