Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Өскемен қаласының 19 тұрғын үй ауданының төртінші орамындағы бес қабатты тұрғын үй құрылысы инженерлік желілерімен». Тұрғын үй 91 ұстаным.
Орналасқан мекенжайы: Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы. 19 тұрғын ауданы, мекенжайы бойынша орналасқан.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 140 000 теңге (1-ші - 4-ші этажға дейін) «таза» әрлеудегі теңге.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 100 000 теңге (мансарда – 5 этаж) «таза» әрлеудегі теңге.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 30.11.2020ж. бастап 07.12.2020ж. дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 30.11.2020ж. бастап 09.12.2020ж. дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 10.12.2020 ж.
Банктің www.hcsbk.kz/www.baspana.kz интернет-ресурсында тұрғын үйдің бөлу тәртібімен танысып, іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімімен және ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын көре аласыздар.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!