Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысанына қосымша байқау басталғаны туралы хабарландыру

«Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысанына қосымша байқау басталғаны туралы хабарландыру

5 шілде 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк)  «Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер»  бағдарламасына (әрі қарай-Бағдарлама) қатысуға өтініш беру арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын өткізуге қосымша байқауда дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: Атырау қаласы, Береке мөлтек ауданы, (8,0 га уч.), №10 дақ, Контейнерный кварталы мекен – жайы бойынша орналасқан 45-пәтерлік тұрғын үй, нысанның коды – 1001
Құрылыс нысаны пайдалануға 2017 жылдың шілде айында берілді
«таза»  әрлеудегі тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 136 000,00 теңге
Жайлылық класы – 4 (төртінші)
Пәтер саны: 4 (төрт), оның ішінде:
3-бөлмелі пәтер түрі: 4 пәтер, жалпы ауданы 81,72 шаршы метр.
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2018 жылғы 12 шілдеден бастап 26 шілдеге дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу) – 27 шілде 2018 жыл.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша:
Нысанның 50 %-дан кем емес тұрғын үй ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.
Бағдарламаға қатысуға өтініш берген немесе төлемқабілеттілігін растамаған ЖАО-да кезекте тұрған азаматтардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары есебінен басқа да Өтініш берушілер арасында бөлінеді.
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатыса отырып, Банк Салымшылары Нысанға және оның одан әрі өткізілуіне дауыс береді. Егерде, өтініш беру мерзімінің аяқталу күніне:
-    Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Нысанды келісілген деп анықтауға салымшылардың қажетті саны дауыс берген жағдайда, берілген өтініштер бойынша баллдар есептеледі;
-    Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, салымшылар берген өтінінштердің саны жеткіліксіз болған жағдайда, берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша Банктің Колл-орталығына хабарласуыңызға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру