Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Екібастұз қаласында тұрғын үй бағасының өзгергені туралы

Екібастұз қаласында тұрғын үй бағасының өзгергені туралы

5 қыркүйек 2018
Құрметті салымшылар!

2018ж. 10 қаңтардан бастап 08 ақпанға дейінгі кезеңде «Екібастұз қаласы, Энергетиков көшесі бойында орналасқан 3 кіреберісті 5 қабатты тұрғын үй (21 шағын аудан)» нысаны бойынша (әрі қарай-Нысан) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты аясында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға (әрі қарай-Бағдарлама) өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобасын іске асыру үшін салымшылардың дауыс беруі өткізілді.
Салымшылардың дауыс беруі нәтижесі бойынша (салымшылардың өтініштерін қабылдау) Нысан келісілді және Банк салымшыларына Нысаннан тұрғын үй берілу мүмкіндігі анықталды деп танылды.

Банкке Павлодар облысы Әкімдігінен келіп түскен хатқа сәйкес, тұрғын үй бағасының төмендеуі себептеріне байланысты осы Нысан бойынша тұрғын үйдің 1ш.метрінің бағасы 135 000 теңгеден 100 000 теңгеге өзгертілді.
Салымшылар осы өзгертулермен келіспеген жағдайда, олар Банкке хабарласып, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға берген өтініштерін жойып тастай алады.
Сонымен қатар, егер осы хабарландыру Банктің интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде салымшыдан өтінішті жою туралы өтініш келіп түспесе, онда Банк осы өзгертулерге салымшы келісімін берді деп есептейтін болады. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуды жалғастыруға ниетті салымшыларға Банк тұрғын үй өткізуді бағдарлама тәртібінде және талаптарында жалғастырады.
Осы нысанға дауыс берген және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініштерін жойған Банк салымшылары Банк іске асыратын басқа да тұрғын үй құрылыс нысандарының өткізілуіне дауыс беруге қатыса алады.

Өткізілуі жоспарланып отыратын Нысандар бойынша жаңалықтарды Банктің www.baspana.kz, www.hcsbk.kz ішкі сайтынан бақылап отыруларыңызды сұраймыз.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) Банктің Байланыс-орталығына хабарласуларыңызға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру