Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Шымкент қ. «Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау арқылы жобаны жүзеге асыруға дауыс беру туралы, код 253

Шымкент қ. «Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау арқылы жобаны жүзеге асыруға дауыс беру туралы, код 253

9 қараша 2016
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  (әрі қарай-Банк)  «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша  «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін  өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы  хабарлайды.

Нысан: «Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі №69 учаскесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлермен офистердің құрылысы» (үшінші кезек 9 қабатты тұрғын үйлер) сметалық құжаттамасы», Шымкент қ. Қаратау ауданы Төлеметов 69 мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: желтоқсан 2016 жыл.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 179 023 теңге.

Жайлылық класы: 3

Пәтер саны: 432

Пәтер түрі 1: 108 пәтер, ең жоғарғы аудан 41,72

Пәтер түрі 2: 216 пәтер, ең жоғарғы аудан 60,15

Пәтер түрі 3: 108 пәтер, ең жоғарғы аудан 77,66

Бағдарламаға қатысуға  өтініш қабылдау мерзімі: 2016 жылғы  10.11. бастап  10.12.2016ж. дейін

Баллдарды есептеу күні  (Үміткерлерді таңдау): 12.12.2016ж.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш  беру  күні  және  уақыты  өтініш берушінің  иеленген баллдары мен  кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады.  Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің  саны  Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе,  берілген өтініштердің автоматты түрде  күші жойылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге  болады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру