Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Шымкент қ. «Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау арқылы жобаны жүзеге асыруға дауыс беру туралы, код 254

Шымкент қ. «Нұрлы жол» Бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау арқылы жобаны жүзеге асыруға дауыс беру туралы, код 254

9 Ноября 2016

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  (әрі қарай-Банк)  «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша  «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін  өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы  хабарлайды.

Нысан: «Шымкент қаласы, Қаратау ауданы 192-ші орам, 359 жер теліміндегі (1-ші кезек, 5 қабатты тұрғын үйлер) тұрғын үйлердің құрылысы», Шымкент қ. Қаратау ауданы «Тұран» мөлтек ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: қараша 2016 жыл.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 177 940 теңге.

Жайлылық класы: 3

Пәтер саны: 640

Пәтер түрі 1: 160 пәтер, ең жоғарғы аудан 40,48

Пәтер түрі 2: 160 пәтер, ең жоғарғы аудан және 59,13

Пәтер түрі 3: 320 пәтер, ең жоғарғы аудан және 75,61 

Бағдарламаға қатысуға  өтініш қабылдау мерзімі: 2016 жылғы  10.11. бастап  10.12.2016ж. дейін

Баллдарды есептеу күні  (Үміткерлерді таңдау): 12.12.2016ж.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш  беру  күні  және  уақыты  өтініш берушінің  иеленген баллдары мен  кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады.  Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің  саны  Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе,  берілген өтініштердің автоматты түрде  күші жойылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге  болады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!