Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз пәтерлерді сату туралы хабарлайды.
Нысан: Нысан: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зашаған кенті, Солидарности көшесі, 11 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО, Орал қаласы, Зачаганск кентіндегі ірі панельді схема бойынша 9 қабатты №46 дақ көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы»
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 15.01.2020 ж.
1 ш/метрінің бағасы таза әрлеуде: 140 000 теңге
Пәтер саны: 30, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 24 пәтер, ең жоғарғы аудан 42,82 шаршы метр
2-бөлмелі пәтер түрі: 6 пәтер, ең жоғарғы аудан 60,04 шаршы метр
Пулсыз пәтерлерді сату «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 11.02.2020 ж. (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 00:00 бастап) – 11.03.2020 ж. (қоса алғанда).
Төлемқабілеттілік уақыты: пәтерге бронь қойғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде.
Өтінішті Банктің baspana.kz интернет – ресурсы арқылы бересіз.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет - ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе www.baspana.kz интернет - ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!