Екібастұз қаласында «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы | Нысан: Екібастұз қаласы, 21 шағын ауданында орналасқан №1 және №2 тұрғын үйлер құрылысы.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Екібастұз қаласында «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

Екібастұз қаласында «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

1 ақпан 2019
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: Екібастұз қаласы, 21 шағын ауданында орналасқан №1 және №2 тұрғын үйлер құрылысы.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 10.12.2018 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 159,
Пәтер түрі 1, 1-бөлмелі: 43 пәтер, ең жоғарғы аумағы - 45,80 ш.м.;
Пәтер түрі 2, 2-бөлмелі: 36 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 58,95 ш.м.;
Пәтер түрі 3, 3-бөлмелі: 41 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 80,40 ш.м.;
Пәтер түрі 2, 1-бөлмелі: 19 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 51,20 ш.м.
Пәтер түрі 3, 3-бөлмелі: 20 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 72,86 ш.м.;
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 06.02.2019 ж. бастап 26.02.2019 ж. дейін (қоса алғанда).

Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау) нысанды келіскен жағдайда: 27.02.2019 ж

Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» Мемлекеттік Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.

Нысандағы тұрғын үйдің кемінде 50% жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.

Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған азаматтар саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.

Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беруге болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру