БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Алматы қ. 16.02.2016 ж.
Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі аясында 27 мың қазақстандық жаңа пәтер алады
2016 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін салынатын үй көлемі бойынша рекорд жаңармақ.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде «Тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесінің тиімділігін ескере отырып, несиеге берілетін баспана құрылысына 149 млрд. теңге, оның ішінде салымшыларды несиелеу үшін жергілікті атқарушы органдар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 22 млрд. теңге бөлуді тапсырамын» - деп мәлімдеген еді.
Бөлінген қаржы екі жылдың ішінде игерілетін болады. Көлемі 76,2 млрд. теңгені құрайтын алғашқы транш аясында 814 мың шаршы метр баспана тұрғызылмақ. Сондай-ақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік Бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді. Аталмыш бағдарлама аясында жалпы аумағы 459 мың шаршы метр болатын пәтерлер үлестірілмек. Сонымен қатар, Банктің дағдарысқа қарсы «Өз үйім» жеке бағдарламасы аясында 350 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтереді.
Нәтижесінде 2016 жылы 1 млн. 623 мың шаршы метр баспана қолдануға беріледі. Ол шамамен 27 мың пәтер. Бұл көрсеткіш өткен жылдардың көлеміне қарағанда төрт есе артық.
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрамына кіреді. Холдингтің құрылу мақсаты ұлттық экономиканы дамыту мен диверсификациялау, инвестициялар тарту, өзіне меншікті құрамдас компаниялардағы кластерлер мен ұжымдық басқару жүйелерін дамыту болып табылады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!