Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Баспасөз хабарламасы: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 200 мыңға жуық салымшысы өтемақы ала алмай қалуы мүмкін.

Баспасөз хабарламасы: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 200 мыңға жуық салымшысы өтемақы ала алмай қалуы мүмкін.

4 сәуір 2016

Баспасөз хабарламасы

Алматы қ.                                                                                                                                                        04.04.2016 ж. 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 200 мыңға жуық салымшысы өтемақы ала алмай қалуы мүмкін 

Бүгінгі күні өтемақы алу тиіс салымшылар ішінен, тек 110 мыңға жуық салымшы Банкпен қосымша келісімге қол қойған. Ол жалпы көлемнің тек 20 пайызын құрайды.

Егер аталған қарқын сақталатын болса, 200 мыңға жуық Банк салымшысы белгіленген мерзімге дейін қосымша келісімге қол қойып үлгермеуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, қосымша келісімге қол қою 2016 жылдың 8-ші ақпанында басталды. Осы жұмысқа 114 күн бөлінгенін ескере отырып, күніне орта есеппен 4096 қосымша келісімге қол қойылуы тиіс еді. Алайда, қазіргі таңда бір күнде қол қойылатын қосымша келісім саны орта есеппен екі жарым мыңнан аспай отыр.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен қосымша келісімге қол қою 2016 жылдың 1 маусымына дейін жүретінін ескерсек, қазіргі қарқын межеленген жоспардың тек жартысын құрайды», - деп хабарлады, Банктің баспасөз қызметі.

Өңірлер бойынша алып қарағанда, Қарағанды облысында өтемақы төленуі тиіс 31 433 салымнан тек 5970 салым бойынша келісімге қол қойылған, Ақтөбе облысында 32 490 салымнан 7843, Атырау облысында 17 479 салымнан 3070, Алматы қаласында 56 295 салымнан 13 188, ал Астана қаласында 62 049 салымның тек 18 160 салымы бойынша өтініштер қабылданды.

Сомасы 1 млн. теңгеге жетпейтін 352 861 салым мен сомасы 1 млн. теңгеден асатын 26 515 салымның иегерлері бүгінгі күнге дейін Банкпен қосымша келісімге қол қоймаған. Нәтижесінде өтемақы төленуі тиіс соманың 21 млрд. теңгеден астамы әлі игерілмеді.

        Бұған дейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  467 мыңнан аса шарт  иелеріне, оның ішінде салымында 1 млн. теңгеден жоғары қаржысы бар салымшыларына өтемақы төлейтінін хабарлаған болатын. Өтемақы төленетін салымдардың жалпы сомасы бүгінгі күні 153,1 млрд. тенгені құрап отыр.

Өтемақы алу үшін ҚТҚЖБ-мен жасалған келісімге www.egov.kz порталында немесе Банктің www.hcsbk.kz  ресми сайтында электронды–санды қолтаңба арқылы қол қою керек.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру