Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Баспасөз хабарламасы: Германияда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Баушпаркассе Швебишь Халль өкілдері екіжақты кездесу өткізді

Баспасөз хабарламасы: Германияда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Баушпаркассе Швебишь Халль өкілдері екіжақты кездесу өткізді

23 мамыр 2016

Баспасөз хабарламасы

Алматы қ.                                                                                            23.05.2016 ж.

 

Германияда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Баушпаркассе Швебишь Халль өкілдері екіжақты кездесу өткізді

Берлинде 9-шы Қазақстандық-Германиялық іскерлік кеңес өтті. Оның шеңберінде бірнеше бизнес-келіссөздер өткізіліп, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының, сондай-ақ «Бәсекеге қабілеттіліктің көшбасшылары – ұлттық чемпиондар» атты мемлекеттік бағдарламаның таныстыру рәсімі көрсетілді. 

Ұзақ мерзімді ынтымақтастық жоспары бөлек таныстырылды. Оның аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және германиялық Баушпаркассе Швебишь Халль (БШХ) өкілдері арасында екіжақты кездесу өтті. Онда тараптар болашақта бірлесе атқаратын жұмыстың егжей-тегжейі талқыланды.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Бәйтерек» холдингіне кірген соң, активтер жылдам әрі қарқынды өсе бастады. Оның үстіне, корпоративтік басқарудың және бизнес-рәсімдерді қайта қарастырудың арқасында, клиенттер үшін кредиттердің сыйақы мөлшерлемесін көтерместен, банктің ұтымдылығын барынша арттыруға қол жеткіздік», – деді іскерлік кеңеске қазақстандық делегацияны бастап келген «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова.

 Естеріңізге сала кетсек, былтыр Германияның ең ірі құрылыс жинақ кассасы мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған-ды. Екі ірі банк арасындағы келісім өзара тәжірибе алмасуға, еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің әрі қарай дамуына зор ықпал етпек.

Іскерлік кеңеске немістердің Баушпаркассе Швебишь Халль, Bosch, Siemens секілді 20-ға жуық ірі компаниялары қатысты. Осы шараның қорытындысы бойынша, биылғы жылдың 23 маусымында Шверин қаласында (Германия) өтетін сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық жұмыс тобының кезекті отырысында қаралатын жобалардың тізімі мен нақты ұсыныстар әзірленді.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру