Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Биыл қазақстандықтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен 10 мыңға жуық пәтер алады

Биыл қазақстандықтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен 10 мыңға жуық пәтер алады

16 апреля 2015

Еліміздегі 17 елдімекеннің тұрғындары бағасы қымбат емес, қолжетімді тұрғын үйдің иесі атанбақ. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы ірі мегаполистерді ғана емес, еліміздің облыс орталықтары мен шағын қалаларын да қамтыған. Құрылыстар уақытында аяқталса, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен ауданы 570 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілуі тиіс. 

Мәселен, жергілікті әкімдіктермен арада қол қойылған келісім негізінде, «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытымен  6 906 пәтердің құрылысы аяқталуға жақын тұр. Пайдалануға берілген тұрғын үй саны жөнінен Алматы мен Астана көш бастап  келеді. Дәлірек айтсақ, Алматыда – 1376 пәтер, ал Астанада 994 пәтер өз иелерін тапқан.     

«Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағытымен биыл 2 760 пәтер пайдалануға берілуі тиіс. Бұл жерде де Елордамыз топ жарып тұр – берілетін пәтерлердің саны 672. Екінші орын Өскеменге тиесілі. Бұл жерде 435 отбасы пәтер кілтін алатын болады. Үшінші орын Шымкент пен Қарағанды шаһарларының еншісіне тиіп отыр. Бұл қалалардың әрқайсысы 216 пәтерді пайдалануға бермек.   

Биыл алғашқылардың бірі болып Ақтау қаласының тұрғындары қоныс тойын тойлады. 400 отбасына «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен салынған пәтерлердің кілті табыс етілді.  Бұдан бөлек, Маңғыстау облысында осы жылдың соңына қарай бірі – 120 пәтерлі, бірі – 670 пәтерлі екі үйдің құрылыс аяқталмақ. Бұл пәтерлерге ҚТҚЖБ желісімен Бағдарламаға қатысушылардың ие болатыны түсінікті. 

Банк бағытымен қолжетімді тұрғын үй құрылысының дер кезінде аяқталуы үшін, 2015 жылы Ұлттық қордан қосымша 30 миллиард теңге бөлінді. 
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қаржысын да ұтымды пайдаланып келеді. Бұл мемлекет бюджетіне түсетін салмақты едәуір азайтты. Айталық, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасымен салынған үйлердің өтеуі ретінде, банк бюджетке 60 миллиард теңгені мерзімінен бұрын қайтарып берді. Биыл тағы да 30 миллиард теңгені қайтаруды жоспарлап отыр. 

Айта кететін жайт, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы. 

 

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру