Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

БҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

БҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау өткізілетіндігі туралы

11 Января 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
Нысан: «БҚО, Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары бойындағы ТЖЖ-дағы 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені», №4-Дақ.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2017 ж. маусым
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 139 346 теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 17, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 8 пәтер – 2, 7, 8, 9 қабаттарда, ең жоғарғы көлемі 40,0 шаршы метр
2-бөлмелі пәтер түрі: 5 пәтер -8,9 қабаттарда, ең жоғарғы көлемі 59,82 шаршы метр
3-бөлмелі пәтер түрі: 4 пәтер – 5, 7, 9 қабаттарда, ең жоғарғы көлемі 83,32 шаршы метр
Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2018ж. 12 қаңтар - 2018ж. 31 қаңтар аралығы.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 2018ж. 1 ақпаны
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 2018ж. 12 ақпан – 2018ж. 23 ақпан аралығы.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018ж. 12 ақпан – 2018ж. 6 наурыз аралығы.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2018ж. 6 наурыз
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!