Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

БҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы хабарлама

БҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы хабарлама

11 Января 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Жергілікті атқарушы органдар» (бұдан әрі - ЖАО) арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
Нысан: «БҚО, Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары бойындағы ТЖЖ-дағы 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені», №34-Дақ.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2017 жылдың қараша айы.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 137 000 теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 8, оның ішінде:
3-бөлмелі пәтер түрі: 7 пәтер – ең жоғарғы көлемі 80,21 шаршы метр 8, 9 қабаттарда.
3-бөлмелі пәтер түрі: 1 пәтер –ең жоғарғы көлемі 87,45 шаршы метр 1 қабаттарда,
Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2018ж. 12 қаңтар - 2018ж. 31 қаңтар аралығы.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 2018ж. 1 ақпаны
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 2018ж. 12 ақпан – 2018ж. 23 ақпан аралығы.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018ж. 12 ақпан –2018ж. 6 наурыз аралығы.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2018ж. 6 наурыз
Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!