Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Банкке қарасты Қоғамдық кеңес мәжілісі өтті

Банкке қарасты Қоғамдық кеңес мәжілісі өтті

30 қыркүйек 2016
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) жанындағы Қоғамдық кеңес жаңа «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру туралы Елбасының тапсырмасын орындау үшін бақылаушы органдармен, соның ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қоюға ниетті.

Бұл туралы биыл алғашқы отырыс өткізген осы қоғамдық институттың мүшелері мәлімдеді. Сонымен қатар, отырыста Қоғамдық кеңеске жаңа мүшелер қабылданды.
Кеңес құрамына олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, саясаттанушы Айдос Сарым, танымал журналист, тележүргізуші және медиа-жаттықтырушы Сергей Пономарев, қоғам қайраткері Мереке Құлкенов, жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы Ирина Лукьяненко, «Болашақ» қозғалысының жетекшісі Дәурен Бабамұратов, «Караван» газетінің экономикалық шолушысы Сергей Туник, «Время» газетінің шолушысы Михаил Козачков және Банк салымшылары кірді.

«Іргетасы қаланғалы бері Қоғамдық кеңес Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қарапайым салымшыларының мәселелерін шешіп келеді. Біз тікелей ат салыстық, нысандарды барып көрдік, көшпелі отырыстар ұйымдастырдық. Өздеріңізге мәлім, Елбасының тапсырмасымен Үкімет жаңа «Нұрлы жер» атты тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін өте жағымды жаңалық. Енді бұл кеңес ең алдымен осы бағдарламаны іске асырудың ашықтығын, құрылыстың салыну мерзімдері мен сапасын бақылауға бел буып отыр», – дейді Қоғамдық кеңес мүшесі Сергей Пономарев.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңес 2014 жылы құрылды. Мақсаты – Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын (2015 жылғы 1 қаңтарға дейін – «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы) іске асыру барысы туралы қоғамға толыққанды әрі объективті ақпарат беру. Осы уақыт ішінде жалпы ауданы 109 мың шаршы метр болатын 30-дан аса сақалды құрылыстың мәселелері шешімін тапты.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру