«Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы Францияда бірқатар келісімдер жасасты | Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары шеңберінде «Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы француз әріптестерімен бірқатар келісімдер жасасты. Айталық, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ және «Veolia Water Solutions & Technologies» француз компаниясы Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысында инфрақұрылымдық жобаны бірлесіп іске асыру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы Францияда бірқатар келісімдер жасасты

«Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы Францияда бірқатар келісімдер жасасты

6 қараша 2015

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары шеңберінде «Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы француз әріптестерімен бірқатар келісімдер жасасты.

Айталық, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ және «Veolia Water Solutions & Technologies» француз компаниясы Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысында инфрақұрылымдық жобаны бірлесіп іске асыру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.  

Құжатқа «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы Алмас Ағыбаев және  «Veolia Environment» инновациялар және нарықтар жөніндегі атқарушы вице-президенті Лоран Огюст қол қойды.

Меморандум өңірде су тапшылығының қолданыстағы деңгейін азайту және келешекте суға сұранысты өтеу мақсатында Ақтау маңында кері осмос әдісімен теңіз суын тұщыту зауытын салу бойынша инфрақұрылымдық жобаны бірлесіп іске асыру мүмкіндігін көздейді.   

Қазіргі уақытта «Veolia» мамандары жоба бойынша техникалық-экономикалық құжаттаманы әзірлеуде, оны іске асырудың түрлі нұсқалары, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіс тетігін іске қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.   

Кейіннен тараптар жобаның инвестициялық тартымдылығын зерттеу үшін көрсетілген құжаттамаға талдау жүргізуге ниетті.

Парижде қол қойылған тағы бір келісімнің мәні шағын және орта бизнесті, инвестициялар мен инновацияларды дамыту саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Осы ынтымақтастықты көздейтін Өзара түсіністік туралы меморандумға «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев және «Bpifrance» атқарушы директоры Паскаль Лагард қол қойды. «Bpifrance» компаниясы «Бәйтерек» холдингінің қызметіне ұқсас мандаты бар Франция үкіметі жанындағы даму институты болып табылады.    

Қол қойылған меморандум шеңберінде тараптар ортақ қызығушылық танытатын жобалар бойынша ықтимал бірігіп қаржыландыру, кепілдік беру немесе тәуекелдерді бөлісу туралы дайындығын білдірді. Бұдан басқа, құжат француз және қазақстандық компаниялар арасында технологиялық әріптестікті орнату мүмкіндігін көздейді.  

Сондай-ақ, Парижде Ынтымақтастық туралы меморандумға «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Асқар Достияров және Францияның «COFACE» Экспорттық Кредиттік Агенттігі Мемлекеттік кепілдік беру дирекциясының басшысы  Кристоф Випрэ қол қойды.  

Келісім Coface тарапынан Францияда жасалған тауарлар мен жабдықтарды жеткізуге келісімшарттар шеңберінде сақтандыру өтелімін ұсынуды қарастырады. Меморандумға қол қою ҚДБ-ға Франциядан импортты көздейтін Банктің әлеуетті жобалардың импорттық құрамдауышын кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарынан қаржыландыруды тартуға, инвесторлық базаны кеңейту мен әртараптандыруға мүмкіндік береді.  Жалпы, қол қою барысында аталып өткендей, жаңа келісім Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымының көлемін ұлғайтуға жәрдемдесетін болады. 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру