Бәйтерек «ҰБХ» АҚ «Отбасы банк» АҚ тәуелсіз директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды | Бос лауазымның атауы: тәуелсіз директор. Құрылымдық бөлімшенің атауы: «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесі.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Бәйтерек «ҰБХ» АҚ «Отбасы банк» АҚ тәуелсіз директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Бәйтерек «ҰБХ» АҚ «Отбасы банк» АҚ тәуелсіз директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

21 маусым 2021

Бәйтерек «ҰБХ» АҚ «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) тәуелсіз директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Бос лауазымның атауы: тәуелсіз директор.

Құрылымдық бөлімшенің атауы: «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесі.

Тәуелсіз директорларға қойылатын жалпы талаптар

1. Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлану үшін Үміткер:

1.1. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес тәуелсіз директордың анықтамасына сәйкес келуі тиіс.

1.2.Қоғам қызметінің көлемі мен сипаты жағынан ұқсас ұйымға тән негізгі мәселелер туралы жалпы ақпаратқа ие болуы, ұсыну алдында кем дегенде 2 жыл ұқсас салада/секторда халықаралық тәжірибеге және кәсіби тәжірибеге ие болуы, сондай-ақ төмендегілерге түсіністік танытуы тиіс:

1) Қоғамға қатысты заңнама талаптарына;

2) ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелестік ортаға.

1.3. Ұсынылған ақпаратты талдай және объективті бағалай білуі тиіс және заңдылық, әділеттілік және барлық акционерлерге тең қатынас қағидаттары негізінде мәселе бойынша тәуелсіз позицияны қалыптастыруы тиіс. Өзіндік пікірін білдіруі және өз көзқарасын дәйекті түрде қорғай білуі тиіс.

1.4. Корпоративтік басқару және тұрақты даму қағидаларын білу тиіс.

1.5. Іскерлік және (немесе) салалық ортада кіршіксіз беделге/оң жетістіктерге ие болуы тиіс. Үміткердің өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылық фактілері болмауы тиіс.

1.6. Директорлар кеңесінің жұмысына тек Директорлар кеңесінің отырыстары кезінде ғана емес, сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырыстарына материалдарды тиісінше зерделеу мақсатымен де қатысу үшін жеткілікті уақыты болуы тиіс.

1.7. Басқа компаниялардың Директорлар кеңесіне мүшелігі 3 (үштен) аспауы тиіс.

1.8. Жыл сайын тәуелсіздікті растау рәсімін жүзеге асыруы және тәуелсіз директор мәртебесін жоғалтқан жағдайда компанияны хабардар етуі тиіс.

Директорлар кеңесіне төмендегідей тұлға сайлана алмайды:

1) Банкпен бәсекелесетін заңды тұлғаның қатысушысы, атқарушы органының басшысы, басқару органының мүшесі немесе қызметкері болып табылатын тұлға;

2) бұрын-соңды сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;

4) бұрын банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органының бірінші басшысы, бірінші басшының орынбасары, бас бухгалтері болған тұлға. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.

5) төрт және одан да көп компанияның директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлға.

Арнайы талаптар:

Қаржы, аудит және бақылау саласындағы маман ретіндегі тәуелсіз директор лауазымына тағайындалатын үміткерлерге арналған арнайы талаптар.

Экономика және (немесе) қаржы саласындағы жоғары білім, қаржылық менеджмент/қаржылық талдау/бухгалтерлік есеп/ салық салу/ аудит/ тәуекел менеджменті саласындағы қосымша білім/кәсіби сертификаттау.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 7 жылдан кем болмауы тиіс.

Қаржы ұйымдарының атқарушы органдарында / холдингтік құрылымдарда / мемлекеттік органдарда/халықаралық қаржы ұйымдарында / қаржылық қызметтерді реттеу саласында 3 жылдан кем емес басқарушылық жұмыс тәжірибесі және (немесе) басқару органдарында/атқарушы органдарда/басшы/әріптес ретіндегі жұмыс тәжірибесі.

Міндеттерді орындау үшін қажетті тұлғалық-іскерлік құзыреттер:

1. Ынталандыру («беру» ішкі құндылығы және еріктілікке дайындық)

2. Қоғам қызметі шеңберіндегі кәсіби құзыреттілік

3. Негізгі құзыреттер: әдептілік, командада жұмыс істеу, жауапкершілік, стратегиялық пайымдау, белсенді қатысу

Жұмыс жағдайлары:

·         Жалдау нысаны: шарт

Тәуелсіз директор лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2021 жылғы 23 маусымға дейінгі мерзімді қоса алғанда A.urazova@baiterek.gov.kz email-на «Отбасы банк» АҚ-ға Тәуелсіз директор» деген белгімен келесі құжаттарды жолдайды:

1) Қоса беріліп отырған үлгіге сәйкес конкурстық іріктеуге қатысуға үміткер өтініші;

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қоса берілген нысанға сәйкес үміткер туралы мәліметтер.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру