БҚО ЖАО-мен тұрғын үй құрылысына қатысты ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа қол қойылғандығы туралы | «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде келесі құрылыстар/кешен бойынша Батыс Қазахстан облысы Әкімдігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғандығын хабарлаймыз.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
БҚО ЖАО-мен тұрғын үй құрылысына қатысты ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа қол қойылғандығы туралы

БҚО ЖАО-мен тұрғын үй құрылысына қатысты ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа қол қойылғандығы туралы

26 маусым 2015


               Құрметті салымшылар!

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде келесі құрылыстар/кешен бойынша Батыс Қазахстан облысы Әкімдігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғандығын хабарлаймыз:

-    Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының  «Орал-Атырау, Орал-Саратов тас
жолдары бойындағы ТЖЖ көп қабатты құрылыстар, №21 телімдегі 5 қабатты 90 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы. Барлығы 90 пәтер, бағасы 1 ш.м. үшін 100 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2015 жылдың 31 желтоқсаны. Пәтерлерді сатып алушылар мен жалға алушылар пулына қатысуға өтініш қабылдаудың болжамды уақыты 2015 жылдың 30 қыркүйегінен 2015 жылдың 30 қарашасы аралығында жүргізіледі. 

-    Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының  «Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары бойындағы көп қабатты құрылыстар, ТЖЖ-дағы №22 телімдегі 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені құрылысы. Барлығы 72 пәтер, бағасы 1 ш.м. үшін 100 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2015 жылдың 31 желтоқсаны. Пәтерлерді сатып алушылар мен жалға алушылар пулына қатысуға өтініш қабылдаудың болжамды уақыты 2015 жылдың 30 қыркүйегінен 2015 жылдың 30 қарашасы аралығында жүргізіледі. 

- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының  «Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары бойындағы көп қабатты құрылыстар, ТЖЖ-дағы №32 телімдегі 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені құрылысы. Барлығы 144 пәтер, бағасы 1 ш.м. үшін 100 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2015 жылдың 30 қазаны.

Пәтерлерді сатып алушылар мен жалға алушылар пулына қатысуға өтініш қабылдаудың болжамды уақыты 2015 жылдың 30 шілдесінен 2015 жылдың 30 қыркүйегі аралығында жүргізіледі.

Толығырақ мәліметті Орал қ, М.Мәметова көшесі, 111 үй мекен-жайында орналасқан Банктің филиалында, не Банктің www.hcsbk.kz Интернет- ресурсында Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар мен жалға алушылар пулдарын құру тәртібімен және құрылыс объектісінің сипаттамасымен толығырақ танысып, ғимарат қасбеті мен пәтерлер жоспарын көруге болады.                                                                                                                                                                                                                                           

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру