Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
БҚО тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініштер қабылдау туралы

БҚО тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініштер қабылдау туралы

26 июня 2015

Құрметті салымшылар!

2015 жылғы 30 шілдеден 30 қыркүйек аралығында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» ІІ бағыты бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» талаптарына сәйкес келетін тұлғалардан құрылатын «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылар пулына қатысуға өтініштер қабылданатындығы туралы хабарлаймыз. Тұрғын үй объектісінің мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, «Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары бойындағы көп қабатты құрылыстар, ТЖЖ-дағы №32 телім, 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені (барлығы 72 пәтер), бағасы – 1 ш.м. үшін 100 000 теңге, «таза» өңделген. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың 30 қазаны. Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады. 

Өтініштерді Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» бере аласыздар.
Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады.

Орал қаласы, М.Маметова, 111 үй  мекен-жайында орналасқан Банктің филиалында, не Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылар пулдарын құру тәртібімен және құрылыс объектісінің сипаттамасымен толығырақ танысып, ғимарат қасбеті мен пәтерлер жоспарын көруге болады.

 

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру