Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атырау қ. «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Атырау қ. «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

1 сәуір 2019
Құрметті салымшылар !

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Өз үйім» бағдарламасы (әрі қарай-Бағдарлама) бойынша қосымша байқау жариялайды.
Нысан: «100 пәтерлік тұрғын үй» , Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, 14 көшесі, 25А үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Тапсырыс беруші/Құрылыс салушы: «Атырау жас отау» ЖШС
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 25.11.2018 ж
Тұрғын үй бекітілген жобаға сәйкес және толық дайын болған жағдайда пайдалануға беріледі:
Нысан 100 % пайлануға берілген, сыртқы есік және терезе блоктары орнатылған, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, қабырға және төбелер сыланған және тегістелген (ішкі сырлау жұмыстары аяқталған), еден төсемелері бөлмелерде - линолеум, жуынатын бөлме едендері- керамикалық плиталар, сымдар және электрокабельдер ажырытқышы қарастырылған, пәтерішілік бөлу автоматтары орналастырылған (газды ас үй плиталары орнатылған), кәріз және су құбырлары өткізілген, электр жарығы қосылған,, коммуналдық қызметті тұтыну көлемін есептеу құрылғылары орнатылған (жалпыүйлік және жеке), жылыту құрылғылары орнатылған.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 179 000 теңге
Жайлылық класы: 3 класс
Пәтер саны: 35, оның ішінде:
Пәтер түрі: 2-бөлмелі – 14 пәтер, жалпы ауданы 50,41 шаршы метр.
Пәтер түрі: 2-бөлмелі – 7 пәтер, жалпы ауданы 55,16 шаршы метр.
Пәтер түрі: 3-бөлмелі – 14 пәтер, жалпы ауданы 68,4 шаршы метр.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2019 жылғы 01 сәуірден бастап 25 сәуірге дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 26 сәуір 2019 жыл
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2019 жылғы 04 мамыр мен 22 мамырға дейін (қоса алғанда).
Іріктеу орны: Атырау қаласы

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында 500 000 (бес жүз мың) теңгеден кем емес сомада жинағы болуы шарт.
Алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 20% болған жағдайда мүмкін болады.
Егерде, өтініш беру мерзімінің аяқталу күніне Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Салымшылардың қажетті саны жеткіліксіз болатын жағдай байқалатын болса, онда Нысан қажетті дауыс санын жинамаған болып саналады және бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш Банктің baspana.kz интернет-ресурсы арқылы тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптар келесідей:
• Өтініш берген уақытта екеуінің де жасы 29-ға толмаған жас отбасылар немесе баланы (балаларды) ата –ананың біреуі тәрбиелеп отырған, жасы 29-ға толмаған толық емес жас отбасы;
• ҚР аумағында Өтініш берушінің немес оның жанұя мүшелерінің атына тіркелген немесе кейіннен сатып алумен жалға алынған тұрғын үйдің болмауы;
• ҚР аумағында соңғы 5 жылда Өтініш берушінің ауыстыру, сату (сыйға тарту т.б.) жолымен өзінің тұрғын үй жағдайын қасақана төмендету фактісінің болмауы;
• Атырау облысы бойынша мекен-жайда тұрақты тіркеуде болуы.
Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Іріктеу үшін (төлем қабілеттілігін бағалау) қажетті құжаттар тізімімен, пәтерлерді бөлу тәртібімен, сондай ақ құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын, Банктің www.hcsbk.kz және/немесе baspana.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру