Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атырау қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс басталғаны туралы

Атырау қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс басталғаны туралы

1 қазан 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Өз үйім» бағдарламасының «Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша қосымша конкурс басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: Атырау қаласы, Береке мөлтек ауданы (0,8 га уч.) мекен жайы бойынша орналасқан екі 45-пәтерлік тұрғын үйлер, №8,14 дақтар, нысан коды – 1082.
Құрылыс нысаны пайдалануға 2017 жылдың шілде айында берілді
«таза» әрлеудегі тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140 000,00 теңге
Жайлылық класы – 3 (үшінші)
Пәтер саны: 37 (отыз жеті), оның ішінде:
Пәтер түрі:
1-бөлмелі - 2 пәтер, жалпы ауданы 45,31 шаршы метр.
2-бөлмелі - 15 пәтер, жалпы ауданы 63,91 шаршы метр.
3-бөлмелі - 20 пәтер, жалпы ауданы 83,53 шаршы метр.
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2018 жылғы 01 қазаннан бастап 09 қазанға дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу) – 10 қазан 2018 жыл.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында 500 000,0 (Бес жүз мың) тенгеден кем емес сомада жинағы болуы шарт.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Аралық тұрғын үй заемын алуға өтініш беру Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 50% болған жағдайда мүмкін болады.
Алдын ала тұрғын үй заемын беруге Банктің мүмкіндігі болған жағдайда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 20% болған жағдайда мүмкін болады.
«Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша:
Нысанның 50 %-дан кем емес тұрғын үй ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.
Бағдарламаға қатысуға өтініш берген немесе төлемқабілеттілігін растамаған ЖАО-да кезекте тұрған азаматтардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары есебінен басқа да Өтініш берушілер арасында бөлінеді.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша Банктің Колл-орталығына хабарласуыңызға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру