Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Атырау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Атырау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

24 октября 2017
Құрметті Салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы «Несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: «Атырау қаласы, Балықшы тұрғын үй алабы, А.Құнанбаев көшесі, 19 үй ( дақ №1, 2)» мекенжайы бойынша орналасқан «Екі 9-қабатты 72 пәтерлік тұрғын үй құрылысы», коды -261. Құрылыстың аяқталуының жоспарлы мерзімі: 30.12.2017 ж.

«Таза әрленген» тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: 182 974 теңге

Жайлылық класы: 3 класс

Пәтер саны: 105

Пәтер типі: 1- бөлмелі, жалпы ауданы- 49,04 ш.м.
Пәтер типі: 2-бөлмелі, жалпы ауданы- 63,72 ш.м.
Пәтер типі: 3- бөлмелі, жалпы ауданы- 76,54 ш.м.

«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш беру мерзімі: 2017 жылғы 23 қазан мен 5 қараша (қоса алғанда) аралығы

Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 6 қараша 2017 жыл
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2017 жылғы 9 қараша пен 22 қараша (қоса алғанда) аралығы

Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2017 жылғы 9 қараша пен 28 қараша (қоса алғанда) аралығы

Тұрғын үйді бөлу күні: 30 қараша 2017 жыл.

Өтінішті Банктің www.baspana.kz. интернет ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.baspana.kz. интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Пәтерлерді бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін (төлемқабілеттілігін бағалау) құжаттар тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру