Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Атырау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс берудің басталғаны туралы

Атырау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша дауыс берудің басталғаны туралы

26 января 2018
Құрметті салымшылар !

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жеке құрылыс компаниялары арқылы тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бағыты бойынша дауыс беру басталғандығы туралы хабарлайды.
Нысан: «Атырау қаласы, Нұрсая шағын ауданы, 2 өткел, 1/9 үй» мекенжайы бойынша орналасқан «Сериясы 121-у, 5 қабатты 50 пәтерлік ірі панельді тұрғын үй кешені», нысан коды – 1052.

Құрылыстың аяқталуының болжамды мерзімі: 15.04.2018 ж.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 220 000 теңге
Жайлылық класы: 3 класс
Пәтер саны: 50
Пәтер типтері: 1 бөлмелі: 20 пәтер, максималды ауданы - 34,52 ш.м.;
2 бөлмелі: 20 пәтер, максималды ауданы – 61,05 ш.м.;
3 бөлмелі: 10 пәтер, максималды ауданы – 68,25 ш.м.
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2018 жылғы 25 қаңтардан бастап 24 ақпанға дейін (қоса алғанда).
Нысан келісілген болып анықталған жағдайда, баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу):
26 ақпан 2018 жыл.
«Жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында 500 000 (бес жүз мың) теңгеден кем емес сомада жинағы болуы шарт.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатыса отырып, Банк Салымшылары Нысанға және оның одан әрі өткізілуіне дауыс береді.

Аралық тұрғын үй заемын алуға өтініш беру Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 50% болған жағдайда мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша Банктің Колл-орталығына хабарласуыңызға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру