Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Атырау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру арқылы дауыс беру басталғаны туралы

Атырау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру арқылы дауыс беру басталғаны туралы

21 ноября 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыр» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру арқылы дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.

Нысан: Атырау қаласы, Тауман Амандосов көшесі, 42 үй мекенжайы бойынша орналасқан 9-қабатты 80 пәтерлік іріпанелді тұрғын үй, нысан коды – 1256.
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 24.08.2018 жыл
«Таза» әрлеудегі тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 200 000,00 теңге
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 19 (он тоғыз), оның ішінде:
Пәтер түрі: 1-бөлмелі – 9 пәтер, жалпы ауданы 40,39 шаршы метр.
Пәтер түрі: 2-бөлмелі – 8 пәтер, жалпы ауданы 60,28-60,31 шаршы метр.
Пәтер түрі: 3-бөлмелі – 2 пәтер, жалпы ауданы 83,83 шаршы метр.
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2018 жылғы 22 қарашадан бастап 06 желтоқсанға дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу) – 07 желтоқсан 2018 жыл.
«Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.

Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсы беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатыса отырып, Банк салымшылары Нысанға және оның одан әрі өткізілуіне дауыс береді.
Аралық тұрғын үй заемын алуға өтініш беру Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 50% болған жағдайда мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, пәтерлерді бөлу тәртібімен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бөлімінде және/немесе Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша Банктің Колл-орталығына хабарласуға болады (ұялы телефоннан тегін)
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру