Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Атырау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысанына дауыс беру басталғаны туралы

Атырау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысанына дауыс беру басталғаны туралы

14 тамыз 2017
Құрметті салымшылар !

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Жергілікті атқарушы органдар арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын өткізуге дауыс беру басталғандығы туралы хабарлайды.
Нысан: Атырау қаласы, Нұрсая ы.а., уч.15,39 га мекен-жайы бойынша орналасқан «45 және 60 пәтерлік тұрғын үй, №1, №4 айқындама», нысан коды – 403.

Құрылыстың аяқталуының болжамды мерзімі: 30.08.2017 ж.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 3 класс.
Пәтер саны: 105.
Пәтер типтері: 1 бөлмелі: 15 пәтер, максималды ауданы - 45,31 ш.м.
2 бөлмелі: 35 пәтер, максималды ауданы – 63,91 ш.м.
3 бөлмелі: 55 пәтер, максималды ауданы – 83,56 ш.м.
Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2017 жылғы 15 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда).
Нысан келісілген болып анықталған жағдайда, баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу):
16 қыркүйек 2017 жыл.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша:
Нысанның 50 %-дан кем емес тұрғын үй ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.
Бағдарламаға қатысуға өтініш берген немесе төлемқабілеттілігін растамаған ЖАО-да кезекте тұрған азаматтардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары есебінен басқа да Өтініш берушілер арасында бөлінеді.
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатыса отырып, Банк Салымшылары Нысанға және оның одан әрі өткізілуіне дауыс береді. Егерде, өтініш беру мерзімінің аяқталу күніне:
- Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Нысанды келісілген деп анықтауға салымшылардың қажетті саны дауыс берген жағдайда, берілген өтініштер бойынша баллдар есептеледі;
- Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, салымшылар берген өтінінштердің саны жеткіліксіз болған жағдайда, берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша Банктің Колл-орталығына хабарласуыңызға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру