Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Астана қаласының Әкімдігімен Астана қаласындағы тұрғын үй кешені құрылысының аяқталу мерзімінің өзгеруіне байланысты Ынтымақтастық келісімінің №1 Қосымша шартына қол қойылғандығын хабарлайды.
Объект Астана қаласы, Есіл өзенінің оң жақ жағалауы, жобалық атаулары №23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 көшелерінің қиылысында орналасқан. 5- қабатты тұрғын үй, №13 Лот (№2 лот), барлығы 99 пәтер, 1 шаршы метрінің бағасы 120 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың желтоқсан айы.
Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі шамамен 2015 жылғы 30 қыркүйектен 30 қарашаға дейінгі аралықта.
Банктің Астана қ. Сығанақ к-сі, 29 ВП -3 мекен-жайында орналасқан филиалында немесе: Астана №1 ҚО , Московская к-сі 29 (34 пәтер), Астана №2 ҚО, Кенесары к-сі 4, Астана №3 ҚО, Қажымұқан к-сі, 12а мекен-жайларында және де Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!